НҰР-СҰЛТАНДА ҚЫТАЙ АЗАМАТЫ ШУ ШЫҒАРДЫ

Уақыты: 27.03.2019
Оқылды: 1107
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Нұр-Сұлтан-Алматы» әуе рейсінде шу шығарған қытайлық азамат ұшақтан түсірілді. Оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болды. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Анықталғандай, елорда әуежайында орналасқан желілік полиция бөлімшесіне «Эйр-Астана» компаниясының өкілінен «Нұр-Сұлтан-Алматы» рейсінің ұшақ бортында тәртіп бұзған ер адам туралы хабарлама түскен.

«Көлік полициясы тексеру барысында Қытай Халық Республикасының 40 жастағы азаматын анықтады. Ер адам мас күйінде өзін дөрекі ұстап, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспаған. Жолаушылардың мазасын алған. Мән-жайды анықтау үшін жолаушы рейстен түсірілді», - делінген ақпаратта.

Шу шығарған азаматтың үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша хаттама толтырылып, бес айлық есептік көрсеткіш (12625 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"