ТАЛДЫҚОРҒАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Уақыты: 28.03.2019
Оқылды: 1329
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласында көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Игі іс 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап​ жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел "Facebook" әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

Енді талдықорғандық көпбалалы аналар қоғамдық көліктің барлық түрінде тегін жүрмек. Ол үшін арнайы тегін жолда жүру куәлігін алуы тиіс. Көпбалалы аналарға арналған жол жүру билеті Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241 үйдің 102-кеңсесінде, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінде беріледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"