"АТА-АНАЛАР РИЗА": БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРІ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Уақыты: 13.03.2020
Оқылды: 1618
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Алтын бесік» ясли балабақшасының «Балапан» бүлдіршіндер тобы барша нәзік жандарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Әйелдер мерекесіне арналған кешке балабақша қызметкерлерінен бөлек, ата-аналар да белсенділікпен қатысты. Мерекелік кеш жақсы деңгейде өткізілді.

Ата-аналар атынан құрылтайшымыз Гүлім Жұлынова, балабақша меңгерушісі Гүлбану Зайнуллина, әдіскерлер Ләззат Сәрсенова, Гүлнұр Әбділдаева бастаған ұжымға алғысымызды айтқымыз келеді.

Кішкентай балапандарымызды қанат қақтырып, болашағына жарқын жол ашып жатқан тәрбиешілеріміз Жазира Мейренбаева мен Әйгерім Қойдисанованы, көмекшісі Еркенай Баткалбекованы ерекше атап өткіміз келеді. Осынау көктеммен бірге келетін мерекелік көңіл-күй сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, бақыт, қуаныш, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.

Қыр гүлі - бәйшешек те гүлденсін,

Айнала құлпырып бір түрленсін.

Біздің мынау сәби балабақшаға,

Құшақ жая көктем ана бір енсін, - деген жыр жолдарын "Алтын бесік" балабақшасының ұжымына шын жүректен арнаймыз.

«Алтын бесік» ясли балабақшасы «Балапан» тобы бүлдіршіндерінің ата-аналары

Талдықорған қаласы