"МОЛШЫЛЫҚҚА БАСТАСЫН": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫ ЖЫЛ БАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 21.03.2020
Оқылды: 771
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті жетісулықтар! Сіздерді әз-Наурыз – Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Табиғат жаңғырып, қайта түлейтін, тіршілік оянып, жанданатын бұл шақ Шығыс халықтарында Жаңа жылдың басы деп есептеледі. Тарих қойнауының тереңінен бастау алатын Наурыз шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналып, жастарды тәрбиелеуге, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге зор ықпал етіп келеді.

Наурыз философиясы пейілдің тазалығы, жақсылық жасауға деген құштарлық, береке-бірлікке жұмылу сияқты мәңгілік символдарға құрылған. Сондықтан да еліміздің ынтымағын, өзара татулық пен келісімді нығайтудағы Наурыздың рөлі ерекше. Осы көктемгі мереке әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-несібе әкеліп, молшылыққа бастасын.

Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, еңбекте жеміс, отбасында бақытты ғұмыр тілеймін. Ортақ Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркендей берсін! Ұлыс оң болсын!

Амандық БАТАЛОВ,

Алматы облысының әкімі