"ҚАЗА БОЛҒАНДАР ЖОҚ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ЖЕР СІЛКІНДІ

Уақыты: 20.09.2020
Оқылды: 1106
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті "Сейсмологиялық тәжірибе экспедициясы" мекемесіне сілтеме жасап, Жетісу өңірінде жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Зілзала ошағы 20 қыркүйек күні, түнгі сағат 1:40-та Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 222 шақырым жерде, Талдықорған қаласынан 10 шақырым қашықтықта тіркелген. Жер дүмпуінің магнитудасы 3,2 балл болған. Тереңдігі - 10 шақырым. Талдықорған қаласында 2-3 балл шамасында сезілген.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі зардап шегушілер мен қаза болғандар, бүлінген нысандар жоқ екенін мәлімдейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"