"ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ": ҚАПШАҒАЙДА ЖОЛ ЖӨНДЕУГЕ БӨЛІНГЕН АҚША ЖЫМҚЫРЫЛҒАН

Уақыты: 20.09.2020
Оқылды: 1032
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жемқорлықпен күрес қызметкерлері Қапшағайда жол жөндеуге бөлінген 14 миллион теңге жымқырылған деген дерек бойынша тергеу жұмысын жүргізуде. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлады.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Қапшағай қаласының автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің лауазымды адамдарына қатысты тергеуді бастады. Олар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа Заречный ауылдық округі көшелерінің жол жабынына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттелген.

- ЖШС-мен жасалған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыс көлемі үшін орындалған жұмыстар актісіне қол қою және ақшалай қаражатты аудару жолымен қаражат жымқыру күдігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы істің салдарынан мемлекетке 14 миллион теңгеден аса ірі мөлшерде залал келді, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан