ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ТЕРЕЗЕ БҰЗЫП КІРЕТІН ҰРЫ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 21.09.2020
Оқылды: 877
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданының полицейлері жеке үй иеліктеріндегі жалғыз азаматша жасаған үш ұрлық дерегін анықтады. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 2 және 13 қыркүйегінде Талғар аудандық полиция бөлімінің полицейлері Панфилов ауылында жеке үй иеліктерінде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлаудың үш дерегін тіркеген. Ұрлық пластикалық терезелерден кіру, сондай-ақ, жертөлелер мен қоймалар арқылы жасалған. Негізінен алтын бұйымдар, ақша және ұялы телефондар ұрланған.

Осы  қылмыстарды ашу үшін тәжірибелі жедел уәкілдерден, учаскелік полиция қызметкерлерінен және тергеушілерден арнайы топ құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тергеушілер заттай дәлелдемелер тәркіленген 45 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті  ұрлық жасағанын толық мойындады. Ұсталған азаматша бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"