ЖАЙПАҚ АУЫЛЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНЫҢ АЛҚАБЫ 10 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЙДЫ

Уақыты: 28.09.2020
Оқылды: 1093
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Жетісу адалдық алаңы» кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Алакөл ауданы, Жайпақ ауылдық округінің әкімі Ерік Табеевпен өткізілді. Бұл туралы «Jetisy media» хабарлады.

Е.Табеев баспасөз-маслихатында «Жайпақ ауылдық округінің 8 айлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші» тақырыбында баяндама жасап, әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді. Өз сөзінде ол Жайпақ ауылдық округінің егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына ерекше тоқталып өтті.

Өткен жылмен салыстырғанда жеке шаруа қожалықтарының саны 73 болса, биыл бұл көрсеткіш артқан. Жалпы, суармалы жер игеру көлемі 61 гектарға ұлғайып, нәтижесінде, 4 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, егін себілген жер көлемі 2376 гектарды құраған. Оның ішінде, мал азық дақылдары (көпжылдық шөп) 280 гектарға, дәнді дақыл 100 гектарға, майлы дақыл 1896 гектарға, бақша дақылы 63 гектарға, қант қызылшасы 10 гектарға ұлғайған.

Ал мал шаруашылығы бойынша ірі қара (бұқа) 1396 бас, сиыр (аналық) 498 бас, қой-ешкі 5800 бас, аналықтары 2145 бас, жылқы 1159 бас, бие 295 бас болған. Құс саны 905-ке жеткен.

Білім беру саласы бойынша округте 1 орта мектеп жұмыс істеуде. Барлық оқушылар саны - 258. 1-4 сыныптарда 97 оқушы, 5-9 сыныптарда 121 оқушы, 10-11 сыныптарда 40 оқушы білім алуда. Мектепалды даярлық тобында 28 бала тәрбиеленуде. Оқушылар 100 пайыз керекті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.

Денсаулық саласы бойынша қазіргі таңда Жайпақ ауылдық округінде 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істеуде. Жалпы, қызметкерлер саны 11 адам, оның ішінде 1 дәрігер, 1 фельдшер бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"