"ТӨРТ ОҚУ ОРНЫН БІТІРГЕН": БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 28.09.2020
Оқылды: 1039
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Санжар Әбдікәрімұлы тағайындалды.

Cанжар Әбдікәрімұлы 1990 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын және «Тұран-Астана» университетінің магистратурасын, барлығы төрт оқу орнын бітірген. Мамандығы бойынша - құқық, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілік шебері және құқық магистрі.

Еңбек жолын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің заңгері болып бастаған. Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде маман, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электронды үкімет» нормативті-құқықтық базаны жетілдіру басқармасының сарапшысы, Алматы облысы әкімі аппаратының заң, мемлекеттік құқық бөлімінің жетекші маманы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Протоколының сарапшысы, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.

2019 жылдың қарашасынан осы уақытқа дейін Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"