АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ТАЛАБЫН БҰЗҒАН КОМПАНИЯ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Уақыты: 30.09.2020
Оқылды: 1133
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті құрылысқа қатысты керамикалық кірпіш өндіру және сату нарығына талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша «ISKER COMPANY» ЖШС іс-әрекеттерінде нарық субъектісінің немесе тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына қысым жасалып жатқанын анықталды.

Атап айтқанда, негізделген себептерсіз керамикалық кірпіштің құнын арттыруда көрініс тапқан жағдайларды теріс пайдалану белгілері байқалды. Осыған байланысты аталған департамент тауар құнын төмендету арқылы құрылыс кірпішін өндіру және сату нарығындағы заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарды.

Алайда «ISKER COMPANY» ЖШС монополияға қарсы органның хабарламасын орындамады. Осылайша департамент "ISKER COMPANY" ЖШС-ға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына қатысты тергеуді бастады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті

Сурет - ғаламтордан