ПРАЙМЕРИЗ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ ДАУЫС БЕРУШІ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 01.10.2020
Оқылды: 1196
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Праймериздің алғашқы дауыс берушілері де анықталды. Соның бірі - бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы жас маман, Талдықорған қаласының тұрғыны Айдана Карибжанова.

Айдана Ахатқызы қазіргі таңда үй шаруасында болса да, еліміздегі бас партияның праймеризі жайындағы жаңалықтар қатарынан қалмай, ұялы телефонына «Праймериз» қосымшасын жүктеп алған.

Айдана Карибжанова: «Өзім партияның мүшесімін және «Nur Otan» партиясының праймериз жүйесінде онлайн дауыс беру әдісін жасағанын қолдаймын. Әсіресе, біз секілді үй шаруасындағы жас аналарға уақытымызды үнемдегенде жақсы. Дауыс беру учаскесіне барудың да қажеті туындамайды. Үміткерлермен тағы бір мәрте танысып шығып, өз таңдауымды жасадым», - деп атап өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"