ҒАЛЫМҰРАТ ЖҮКЕЛ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 01.10.2020
Оқылды: 1193
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Ғалымұрат Жүкел Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ғалымұрат Жүкел 2017-2020 жылдары Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған еді.

Ғалымурат Жүкел 1987 жылы 4 желтоқанда Монғолия Халық Республикасының астанасы Ұланбатыр қаласында дүниеге келген. Үйленген. Екі баланың әкесі. Алматы қаласындағы Шет тілдер және карьера университетін бітірген. Білімі - жоғары. Ол әр жылдары ақпарат саласында, «Талдықорған», Алматы облыстық «Жетісу» газеттерінде тілші болған. 2014 жылы Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"