"ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕР ЖОҚ": ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА 3,7 БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 03.10.2020
Оқылды: 1101
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін сағат кешкі 17:50-де Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 286 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматы облысы, Панфилов ауданы аумағында болған.

Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Жер дүмпуінің магнитудасы 3,7 балды көрсеткен. Тереңдігі - 15 шақырым. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері ешқандай зардап шегушілер, қаза тапқандар туралы мәлімет түспегенін айтады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"