"ҚАДІРЛІ ДЕ ҚАСТЕРЛІ МАМАНДЫҚ": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ МҰҒАЛІМДЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 04.10.2020
Оқылды: 1206
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ Мұғалімдер күнімен құттықтауы жарияланды.

"Құрметті ұстаздар! Қымбатты педагогтар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздық – қай кезде де сый-құрметке лайық әрі сұранысқа ие қадірлі де қастерлі мамандық болып қала береді. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін егіп, жақсы қасиеттерге баулитын, нәтижелі жұмыс істеуге, жауапкершілікті терең сезінуге және шығармашыл тұлға болып қалыптасуға жол ашатын мұғалімдер қауымы екені даусыз.

Осы орайда Жетісу мұғалімдерінің жұмысы да жоғары бағалауға әбден лайықты. Біздің балаларымыздың ғылым, мәдениет және спорт секілді түрлі салада бағындырған белестері – сіздер атқарған күнделікті жұмыстың жарқын жемісі.

Пандемиямен күрес кезінде қауіп-қатерге қарамай алдыңғы қатарда жүріп, кәсіби міндеттеріңізді абыроймен атқарып, барлық күш-жігер мен шеберліктеріңізді ел болашағына жұмсап келесіздер.

Қымбатты ұстаздар! Баға жетпес жанқиярлық еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен өз мамандықтарыңызға шексіз берілгендеріңіз үшін сіздерге зор алғыс айтамын! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және сәттілік тілеймін. Мұғалімдер күні құтты болсын!" - делінген әкім құттықтауында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"