АУДИТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫ: ЕҢБЕКАҚЫ 50 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Уақыты: 10.06.2021
Оқылды: 1337
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстан ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бюджет қаражатын неғұрлым тиімді басқарып, қаржылық және атқарушылық тәртіпті күшейту міндетін алға қойып отыр. Бұл жағдайда бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді дұрыс және ұтымды пайдалану бойынша талдау мен бағалауға бағытталған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жұмысы неғұрлым маңызды саналады.


Аталған шараларды жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың қараша айында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бастамасымен республика көлемінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының барлық міндет-мақсаттарын айқындайтын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы қабылданып, мемлекеттік аудит органдары республиканың қаржылық жүйесінде өз орнын алды.

Аталған заңның қабылдануы барлық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, оның ішінде тексеру комиссияларының мемлекеттік орган және сыртқы мемлекеттік аудит органы ретінде мәртебесінің едәуір өсіп, өкілеттіктері мен функцияларының айтарлықтай кеңеюіне жол ашты.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының құзыреттілігіне аса маңызды бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау немесе тиімсіз пайдаланғаны үшін мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасауға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексіне өзгеріс енгізіліп, құқық берілді. Бұл мемлекеттік аудит объектілерінің жауапкершілігін арттыру арқылы бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануы мен жоспарлануына жол бермеудің бірден-бір құралына айналады.

Облыс бойынша тексеру комиссиясы тарапынан «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңында белгіленген және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тиісті тапсырмалары негізінде 2019–2020 жылдар аралығында мемлекеттік аудиторлардың білікті әрі сапалы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім мен дағдының болуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, кәсіби әдеп-қағидаларын сақтауы, сондай-ақ, кәсіби борышын жоғары деңгейде орындау мақсатында кәсіби құзыреттілікті арттыру үшін республика көлемінде тексеру комиссиялары арасында алғаш  халықаралық біліктіліктері бар мемлекеттік аудиторлар санын жалпы шаққанда 90,9 пайызға жеткізген аталған шара бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді дұрыс әрі ұтымды пайдалану бойынша талдау мен бағалауды жоғары кәсіптік деңгейде жүргізуге мүмкіндік беруде.    

Биылға арналған мемлекеттік аудитпен қамтылатын объектілер саны – 365. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бастамасымен 2020 жылдың шілде айынан бастап халықаралық біліктілігі бар мемлекеттік аудиторлардың  еңбекақылары 50 пайызға артты. Бұл өз кезегінде жұмысқа ынта танытуға, ең маңыздысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірден-бір құралы  болып табылады. 

Қазіргі уақытта тексеру комиссиясында штаттық кестеге сәйкес 1 төраға, 4 комиссия мүшесі,1 аппарат басшысы, 5 бөлім басшысы, ал бас маман мемлекеттік аудиторлар саны – 31, 6 бас маман, 4 жетекші маман қызмет атқарады. 

2019–2020 жылдары халықаралық біліктілік сертификатын иеленгендер саны – 33, 2020–2021 жылдары 6 қызметкер болды. Бұл өз кезегінде тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуын қадағалауда аудиторлардың кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруды алға қояды.

Абзал ЖАНШАБАЙ,
Алматы облысы бойынша тексеру 
комиссиясы мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы