Инвестиция алаңы ашылды

Уақыты: 05.07.2016
Оқылды: 2058
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жуырда  «Қорғас»  шекара  маңы  халық­аралық ын­ты­мақтастық орталығының  Қа­зақстан  жағында  «Барыс» деп  аталатын алғашқы  инвестициялық нысанның  ашылу  сал­танаты  өткізілді.

Іс-шараға Қытай елінің халық үкіметі мен партиялық жетек­шілері, Панфилов ауданы әкім­шілігі, «Қор­ғас» ШЫХО АҚ, «Хор­гос-КАТ» ЖШС инвестор ком­па­ния­сының өкілдері қатысты. Ор­талықтың  ашылу  рәсіміне ар­нал­ған сал­та­натты жиында  «Қ­а­зақстан темір­жолы» АҚ  вице-пре­зиденті  Қанат  Алпысбаев, ҚХР-дың Қорғас қала­сы  әкімшілігі  пар­тия  комитетінің  хатшысы  Ван Ган, «Идин»  Шаң­хай  инвес­ти­ция­лық  компа­ния­сының»  бас  дирек­торы Гэ Цзянь­пинь, Қазақстан  та­рапынан  Пан­филов  ауданы  әкі­мі­нің  орын­басары Шұхрат  Құр­банов,  «Қор­ғас»  ШЫХО  АҚ  пре­зи­денті  Ва­силий  Ни  сөз  сөйлеп, ша­раға  қа­ты­сушыларды  құт­тық­тады.

«Қорғас»  шекара  маңы  ха­лық­аралық  ынтымақтастық  ор­талығы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Респуб­ли­ка­сы­ның шекарасының шектес айма­ғын­да орналасқан, қазақ-қытай бірлескен жобасы.  Жалпы ауданы 560 гектар  жерді  қамтиды. Ор­талық екі бөліктен құралған. Қа­зақстан жағы – 207 гектар, Қытай жағы – 343 гектарға  орна­лас­ты­рылған. Бұл жоба Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы ара­сындағы шекаралық сауда-эко­номикалық, ғылыми-техникалық, мәдени байланысты дамыту мақ­сатында ҚР Президенті Н. На­зар­баевтың 2002 жылғы 22-25 жел­тоқсанында Қытай еліне ресми сапары кезіндегі екі мемлекет басшыларының бастамасы бойын­ша жүзеге асырылып келеді.

Шекараға шектес аймақта әріптестікті дамыту мақсатының басты қағидасы – Қазақстан, Қы­тай және өзге үшінші мемле­кет­тердің азаматтарына шекара ау­ма­ғында 30 тәулікке дейін визаны рәсімдеусіз еркін жүріп-тұруына мүмкіндік жасау.

«Қорғас» шекара  маңы  ха­лық­аралық  ынтымақтастық  ор­талығы  жобасы бойынша  біздің  жақ­та 56 инвестициялық нысан құ­рылысы жоспарланған, атап айт­қанда орталық алаң, қол­өнер­ші­лер қаласы, конгресс-холл, 4 сау­да галереясы, ашық базар, сауық­тыру кешені мен 3 сауда үйі. Қазір бұл  орталыққа  күнделікті 1200-ден 1800-ге дейін, ал де­малыс жә­не мейрам күндері 2000-ға дейін адам сауда-саттық  жа­сап  келіп-кетеді.

Бүгінде бұл орталық әлемде теңдесі жоқ жаңа жоба. Ол өнді­ріс­тік, көліктік әлеуетке капитал жұмсауға, шағын және орта биз­несті барынша табысты етуге кеңінен мүмкіндік береді. Біздің ин­вестициялық саясатымыздың ба­сымдылығын  артырып, бәсе­ке­ге қабілетті тауарлар мен қыз­мет­терді дамыту және құру, сондай-ақ, олардың әлемдік нарықтағы бел­сенділігін арттыруға жағдай  жасайды.

Болашақ «Қорғас»  арнайы эко­номикалық аймағы кешенді бірнеше бөлімдерден тұратын болады. Мысалы, мұнда үлкен транспорт терминалы, сауда көр­месі, келген адамдар ашық аспан астына шықпай жалғастыра ара­лай­тын сауда павильондары,бір мезетте 5 мың адам қабылдайтын мүмкіндігі бар қонақүй кешені жасалады. Шекаралас мем­лекет­тер­дің  қаржы және өндірістік ұйым­дарының ірі халықаралық  кездесулерін, конференцияларын, симпозиумдарын өткізуге арнал­ған орындар салынбақ. Сол сияқ­ты офистер, мейрамханалар, ка­зи­но, кинотеатр, 70  мың  адам  қо­ныс­танатын  көпқабатты тұрғын үй­лер, мектеп, балабақша құры­лысын жүргізу жобаланған.

Сөйтіп, еліміздің оңтүстік шығысындағы шекарасы Қор­ғас­та алдағы уақытта инф­ра­құ­ры­лымы өте жоғары деңгейдегі, әлем назарын өзіне аударатын сән-салтанатты қала пайда бол­мақ. Бұл  тек  қазақстандықтарға  ғана емес, барша Орта Азия  және  Еуропа елдері үшін шы­ғыс­қа ашыл­ған үлкен  қақпа. Мұн­дай шекаралар арасындағы эко­но­микалық аймақ әлімнің ешбір елінде  әлі жасалған  жоқ.

Алаңның ашылу салтанаты ая­сында «Жаркент  әуендері»  ан­самблі ән шырқап,  шараға  жи­нал­ған шетелдік қонақтарды ұлт­тық сазбен сусындатты. 

Мырзағали Нұрсейіт

Панфилов  ауданы.