АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

Уақыты: 15.09.2024
Оқылды: 147
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақ қайырымдылық жасап қайырын көрген халық. Өзін қоя тұрып өзгені ойлап, тұрмысы төмен отбасыға, тағдыры талқыға түскен ағайынға қолда барын бөліп беретін дарқан мінезді, кеңпейілді ұлт.


Осы игі дәстүрді жалғастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің жанынан «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы құрылды. Негізгі міндеті – мемлекеттік қызметшілер арасында волонтерлік қызметті үйлестіру, бұл бағытта заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыру. 

«Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысында аз қамтылған, жағдайлары төмен, толық емес отбасыларға ерікті мемлекеттік қызметшілерді апару арқылы көмек көрсету ұсынылды. Игі іс-шараны жүзеге асыру мақсатында  облыстағы ерікті мемлекеттік қызметшілер «Жомарттық – жанның байлығы» деп көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты. 

Шара соңында мұқтаж жандар алғыс айтып, жасап жатқан игі істерге ризашылық білдірді. Дана халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» дейді.  Алдағы уақытта қайырымдылық шаралары тоқтап қалмай, әрі қарай да жалғасын табады. 

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері 
агенттігінің 
Жетісу облысы бойынша 
департаменті