ТЕХНИКА - ТАБЫС КІЛТІ

Уақыты: 22.09.2024
Оқылды: 36
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Облыста ауылшаруашылығы техникасы жыл сайын жаңару үстінде. Бұл – шаруалар жұмысының алға басуына септігін тигізеді.


Ауылшаруашылық басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, аймақ бойынша ауылшаруашылық техникаларының жалпы саны 22 мың 506  бірлік. Оның  10 жылға дейінгісі 9 мың 422 болса,  10 жылдан жоғарғысы 13 мың 84 бірлік. Тозығы жеткен техникалар 58,1%-ды құрайды. Алайда 2023 жылдың қорытындысы бойынша 650 дана жаңа техника тіркелген. Ал биыл 727 бірлік техника алу жоспарланған. Бүгінгі таңда облыс шаруалары 785 бірлік жаңа техника алды. Ауылшаруашылық техникаларын жаңарту бойынша Ақсу ауданының шаруалары көш бастап тұр. Соның нәтижесінде диқандардың биылғы өнімі былтырғымен салыстырғанда біршама жоғары. Сала мамандары ауылшаруашылық техникаларын жаңарту ісі алдағы уақытта да жүйелі жүргізілетінін айтуда. 

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ