ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Уақыты: 22.09.2024
Оқылды: 35
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облысында өткен 7 айда шағын және орта бизнесте өнім мен қызмет көрсету көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 40%-ға өсіп, 250 млрд. теңгені құрады.


Жалпы бұл секторда бүгінгі күні 60 мың субъект бар және онда 108 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, биыл өңірдің шағын және орта бизнес саласын қолдауға 7,4 млрд. теңге бөлінген. Соның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, ішінара кепілдік беру, инженерлік инфрақұрылым жүргізу түрінде қолдаулар жасалуда. 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ