ИНВЕСТИЦИЯ ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

Уақыты: 25.08.2016
Оқылды: 1968
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Өңірлік коммуникациялар қызметі аудандарды аралап көшпелі брифинг өткізуді қолға алды. Ондағы мақсат – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуын халыққа жеткізу. Міне, соның алғашқысы киелі Күреңбелден басталды. Облыс орталығынан барған тілшілерді қарсы алған Кербұлақ ауданының әкімі Бағдат Әлиев БАҚ өкілдері алдында баяндама жасамас бұрын өңірді аралатып, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына оң серпін беретін нысандармен таныстырды.

Ағымдағы жыл еліміз үшін атаулы жыл екені белгілі. Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Сондай-ақ, биыл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңі басталды. Міне, осыған орай мұнда жалпы жұмысты тексеретін арнайы бес топ құрылған екен. Ол топтар: «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсу бағыты», «Болашағы біртұтас ұлт» және «Есеп беруге міндетті мемлекеттерді қалыптастыру» бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Өткен жылды жақсы нәтижелермен аяқтаған аудан тұрғындары биыл да алға қойған міндеттерді толайым табыспен орындау үстінде. Жалпы аймақтың экономикалық дамуы қарқынды жүзеге асуда. Бұл көз қызықтырып, көңіл қуантарлық істерінен анық байқалады. Өз өңірлерінің өндірісін өрге сүйреп, жұмыссыздықты болдырмауға бағытталған жобалар да баршылық. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бо- йынша барлық жұмыстар жүйелі жүргізіліп, жүзеге асуда. Мәселен, Ұлт жоспарының 55-ші қадамы бойынша аймақта шетел инвестициясы есебінен 3 кәсіпорын ашылмақ. Сондай-ақ 61-ші қадам негізінде «Шадиев» мал бордақылау алаңы салынды. Мұнда 3000 бас ірі қара бордақыланып, 100 адамға жаңа жұмыс орны ашылғаны аудан тұрғындарын қуантуда. Ал күрделі жөндеуден өткен Сарыөзек ет өңдеу комбинаты 34 адамды жұмыспен қамтып, 1 ауысымда 100-120 қой, 25-30 ірі қараны қасапқа қоюда. Мұнда 600 келіге жуық шұжық, 1 тоннаға дейін өнім өңделеді.

 Аудан орталығы Сарыөзек ауылындағы көшелерді жарықтандыру үшін бюджеттен 117 миллион теңге бөлініпті. Нәтижесінде 30 көшенің бойы жарықтандырылып, тұрғындар қуанышын еселеген. Жол мәселесі де басты назарда болғаны бірден білініп тұр. Иә, жол жұмыстарының оң шешім табуы талайды қуантқан. Жалпы аудан бойынша 200 шақырымдай жол бар. Қазіргі таңда оның барлығы кезек-кезегімен күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ауданды аралау барысында өз көзімізбен көргеніміз Қарымсақ ауылының 7 шақырымды кірме жолы мен Аралтөбе ауылына дейін асфальт төселіпті. Жол шарапатын көрген жұрттың қуанышы ерекше, көңілі асқақ. Өңірімізде Күреңбел астығымен абыройлы аудандардың бірі екені белгілі. Биыл ауданда 43 000 гектар егін орылып, 77 мың тонна астық қамбаға жеткізілді. Міне, осындай көз қуанып, көңіл сүйсінерлік жайттардан соң тілшілер аудан әкімі Бағдат Әлиевтің баяндамасын тыңдады.

Аудан басшысының айтуынша, Күреңбелде Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» бағыты бойынша (3, 8, 10 қадамдар) іске асырылуда. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызмет жү- йесін құрудың карьералық қағидасы енгізілді, оның алдыңғы қатарына мемлекеттік қызметшілердің құзыреті мен жеке қасиеттері шығарылады. Ал карьералық өсу үшін төменгі лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті. Жыл басынан бері облыс бойынша төменгі лауазымдарға орналасуға 5 жалпы конкурс жарияланды, олардың нәтижесі бойынша 6 адам тағайындалды.

 Сегізінші қадамның аясында мемлекеттік қызметшілердің ауысуы кезінде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Тоғызыншы қадам бойынша мемлекеттік қызметкерлер үш жылда бір рет білімін көтеруі тиіс.

«Заң үстемдігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша 30, 32-қадамдар жүзеге асырылуда. 30-қадамды орындау үшін ағымдағы жылдан бастап ауданда жергілікті полиция қызметі іске қосылды, басшысы және жеке құрамы бекітілді. Облыс тарапынан 32-қадамға сәйкес, «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы» интернет – порталы әзірленуде, онда барлық қылмыстық құқық- бұзушылықтар жасалғаннан кейін бір аптадан кешіктірілмей енгізілетін болады. Бұл шараға Кербұлақ ауданы ішкі істер бөлімінің мамандары атсалысуда. «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыты бойынша бірнеше қадамдар іске асқан. Жер қатынастары 35,36-қадамдарға сәйкес ауылшаруа­шылығы бағытындағы жерлерді нарықтық айналымға енгізу үшін түгендеу жүргізілді, нәтижесінде 2014 жылы 19 600 гектар жер учаскесі игерілмегені анықталды. Осының 11 775 гектары аудандық арнайы жер қорына қайтарылып, қайтадан конкурсқа берілген.

Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты бағытын жүзеге асыруда инвестиция тарту жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті болып табылады. 100 қадамды жүзеге асыру бағдарламасы кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер туғызуда, атап айтқанда, рұқсат беру құжаттары қысқартылды, индустриал­ды аймақтарда жер телімдерін беру әрекеттері жеңілдетілді, инженерлік инфрақұрылымды дайындау жүргізілуде. Бүгінге ауданда шетел инвестициясы есебінен салынатын екі кәсіпорынның жобасы бар. Олар қуаттылығы жылына 1 млн. 200 мың тоннаны құрайтын «Ала – цем» цемент зауытының құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Инвестор – Қытай Халық Республикасы. Жоспар бойынша зауыт 2018 жылы іске қосылып, 400 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар сметалық құны 32,3 млрд. теңгені құрайтын ірі инвестициялық жобалардың бірі, күн батареясымен жұмыс істейтін қуаттылығы сағатына 50 МВт «Казатомпром Гелиос Стратегия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Бұл кәсіпорынның құрылысы жер телімдері шешілгеннен кейін ағымдағы жылдың қазан айында басталады деп күтілуде. Инвестор – Франция мемлекетінің азаматтары. Осының арқасында облыс аумағында брендтік өнім шығаратын «Сoca-Cola», «Danone», «Food Master», «Knauf», «Efes», «TerraNOVA» сияқты белгілі компаниялар жұмыс жасайды. Ұлт жоспарының 62-қадамының аясында «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушылары бар. Осындай аумақты іс-шараға лайықты кәсіпорын Кербұлақтан да шығатынына сенім мол. Оған ұсынылатын «Ала – Цем» ЖШС-і, Казатомпром Гелиос Стратегия ЖШС-і болмақ.

Сүт өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту мақсатында 2015 жылы «Абай», «Суттықожанов» қожалықтары тауарлы сүт фермалары ашылып, жүмысын атқаруда.

«Сыбаға» және «Алтын асық» бағдарламалары аясында мал басын көбейту бағытында шаруа қожалықтары қаржыландырылып, 84 бас ірі қара мал сатып алынды. «Алтын асық» бағдарламасы аясында «Сымсаб» және «Нұр» шаруа қожалықтары 1100 бас ұсақ мал сатып алып, жоспар 110 пайызға орындалған.

Ұлт жоспарының 56-қадамы бо- йынша «Экономиканың басым секторларына «зәкірлі» инвесторлар тарту» аясында жалпы инвестицияның көлемі 2,0 млрд. теңгені құрайтын ірі жоба жүзеге асырылуда. Ол « Шадиев Ф» шаруа қожалығының ауданда «Ірі қара мал етін экспорттау» жобасы аясында мал бордақылау алаңына 3000 бас ірі қара қойылды. Кәсіпкерлер биыл жобаланған ірі қара етінің экспорттық межесіне жетеміз деп үміттенеді.

Брифингте аймақтың экономикалық өсімі жан-жақты таныстырылды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында экономикада қол жеткізілген қарқын сақталып, іс-шаралардың барлығы негізгі басымдықты өндірістің төмендемеуіне, жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың өмір сүру деңгейін әрі қарай көтеруге бағытталғаны бірлік пен татулықтың нәтижесі. Көшпелі брифинг соңында тілшілер қауымы ауданның алға басқан іргелі істерін көзбен көріп, көкейдегі сауалдарын қойды. Іс пен сөзді бір арнада табыстырған брифинг алдағы уақытта әр ауданда жалғасады.

Кербұлақ ауданы.

Құралбек Сәбитов