ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 17.09.2024
Оқылды: 157
Бөлім: САЯСАТ

Талдықорған қаласының әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Ернат Бәзілдің төрағалығымен қаламыздың қоғам белсенділерімен және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру жайы талқыланды.

Жиында қала басшысы Жолдауда айтылған әрбір тармағына жеке-жек тоқталып, оның халқымыздың әл-ауқатын көтеруге және еліміздің экономикасының одан әрі қарыштап дамуы үшін үлкен тың бастамалардың бар екендігін айтып өтті.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы 9 бағыттан тұрды.

Атап айтқанда, Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою. Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңыздылығы. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау. Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу.

Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту және Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек десе, соңғы тоғызыншы Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтырумен қорытындылады.