ҚЫТАЙМЕН ШЕКАРАДА ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ РӘСІМДЕГЕН ҚЫРҒЫЗ АЗАМАТЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 27.11.2021
Оқылды: 1153
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының кеден бекеттерінің бірінде жалған құжат рәсімдеп, шекарадан заңсыз шығарылған тауар тәркіленді.

Қырғыз елінің азаматы балалар киімі мен спорттық аяқ киімдерді «Алтынкөл-Жол» кеден бекеті арқылы өткізіп, Қырғызстан Республикасына жеткізбек болған. Экономикалық контробанда фактісін Қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған. Департамент хабарламасына сәйкес, заңсыз өткізілмек болған тауардың жалпы құны - 73 миллион теңге. Ілеспе құжаттарда жалған мәлімет көрсетіліп, тауарлар декларацияланбаған. Заң бұзушыға 2,2 миллион теңге айыппұл салынып, тәркіленген тауар мемлекет кірісіне айналдырылатын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"