ТАЛҒАР АУДАНЫНДА КӨЛІК ТІЗГІНДЕГЕН ӘЙЕЛ ҮШ ОҚУШЫНЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

Уақыты: 29.11.2021
Оқылды: 980
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар қаласында көлік тізгіндеген әйел үш оқушыны қағып кетті. Аталған оқиғаға қатысты әкімдік пікір білдірді.

Оқиға бүгін таңғы сағат 07.30 шамасында болған. Жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан үш қызды "Volkswagen Golf" көлігі қағып кетті. ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі, яғни, денсаулыққа зиян келтірген жол көлік оқиғасы бабы бойынша тергеу басталды.

Полиция мәліметіне қарағанда, көлік жүргізушісі мас болмаған. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. «Зардап шеккендер - Ж.Жабаев атындағы №6 жалпы орта мектептің оқушылары. Екеуі 7-сыныпта, біреуі 3-сыныпта оқиды. Балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, "Жедел жәрдеммен" аудандық ауруханаға жеткізілді», делінген полиция хабарламасында. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, жүргізуші - 47 жастағы әйел.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"