"ПЫШАҚ САЛҒАН": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАУІПТІ ҚЫЛМЫСКЕР ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТЫР

Уақыты: 28.10.2020
Оқылды: 1159
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерді іздестіріп жатыр.

2015 жылдың сәуір айында Алматы-Бішкек тасжолында орналасқан ірі сауда орталығындағы қауіпсіздік қызметкерлерінен Қарасай аудандық полиция бөліміне спорттық тауарлар бутигіндегі заттарды қолды қылған ұрыларды ұстамақ болған сәтте олардың бутиктің үш қызметкеріне пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түскен еді.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 2-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық шабуыл және бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша тіркелген болатын.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін кінәсін толық мойындаған 19 жастағы студентті, яғни, қылмыскерлердің бірін ізін суытпай ұстаған. Екінші қарулы қарақшыны іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Күдікті - Оқанов Дидарбек Әсембекұлы жиналмалы пышақпен оларды ұстауға тырысқан үш ер адамға пышақ жарақатын салған.

Оқанов Дидарбек Әсембекұлы - 19 наурызда, 1995 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының тумасы.

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, полицияға 8(7282)60-82-33, 60-82-32 немесе 8-705-110-55-57 телефондары бойынша хабарлауларыңызды сұраймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"