АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ 400 АДАМ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ

Уақыты: 20.08.2021
Оқылды: 1132
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

20 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында 400 адам індет жұқтырды. Оның 47-сі бала. Бүгінге дейін облыста коронавирустың расталған 38 886 жағдайы тіркелген. Соңғы екі аптада індет деңгейі аймақта 1,1 пайызға артты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы аптада аурудың өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан, Кеген аудандары мен Текелі қаласында байқалды. Соңғы тәулікте індет жұқтырғандардың 326-сы симптомдық, 74-і симптомсыз жағдай. Оқушылар арасында 28, студенттер арасында 4 сырқат тіркелді.

Алматы облысының аудан-қалаларын тарқатып айтсақ, Алакөлде 19, Балқашта 10, Еңбекшіқазақта 33, Ескелдіде 28, Жамбылда 11, Іледе 42, Қарасайда 19, Қараталда 28, Кегенде 9, Кербұлақта 12, Көксуда 31, Панфиловта 21, Сарқанда 15, Талғарда 42, Ұйғырда 9, Талдықорғанда 50, Текеліде 14, Қапшағайда - 7 адамнан коронавирус анықталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"