Азиада – 2023: Ел қоржынына тағы бір жүлде түсті

Уақыты: 26.09.2023
Оқылды: 747

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлде түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлдеге ие болды.

Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.

«Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі», – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Фото: kazsports.kz-нен көрнекілікке алынды