"РЕФЕРЕНДУМ-2022": АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІК КӨРІНІСІ

Уақыты: 06.06.2022
Оқылды: 1115
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Референдум қарсаңында Ата Заңдағы түзетулерді екі толқын бойынша атқардық. Өзім барған 6 аудан, 2 қала, шалғай жатқан ауылдар бар, бас-аяғы 30 шақты елді мекенде 60-тан астам кездесу болды. Оған 3 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл үлкен өзгеріс екенін халық түсініп отыр.
Референдум күні Қазақстан телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «Референдум» онлайн марафоны өтті. Соған қатыстым, мұны бүкілхалықтық дәрежеде өткен цифрлық Қазақстанның жетістігі деуге болады. Себебі, бір аудиторияның өзінде 3 студия болды. Мамандар емін-еркін дискуссия, талқылаулар мен талдаулар жасады.  Әрбір сағат сайын  қорытынды ақпараттар беріліп отырды. Саяси шарада мұндай марафондардың маңызды екендігіне көзіміз жетті. Бүкілхалықтық шара көңіл күйді көтеретіндей соны леппен өтіп жатты. БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бердік. Референдумның өтуі барысындағы ақпараттық ашықтыққа жақсы баға беріліп жатыр ғой. Қазақстандық референдумның барысын Ислам ынтымақтастық ұйымының мүшелігіне кіретін 4 мемлекеттің өкілдері бақылауға келген. ТМД-дан 140 байқаушы қатысқан. Халықаралық миссияның маңызы зор екені түсінікті. Ұжымдық Қауіпсіздік өкілдері, Түркия делегациясы бар, басқа да мемлекеттерден келген бақылаушылар өздерінің жақсы бағасын беруде.
Қарап отырсақ, Алматы облысының 72 пайыздан астам халқы  дауыс берген екен. Бұл да – жақсы көрсеткіш. Барлық 8 миллионнан астам халық референдумға қатысыпты. Енді Президенттің өз сөзінде бұл өзгерістердің жай қорытындысы ғана емес, басы ғана екенін айтқан. Мен де солай ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның келешегі үшін тарихи таңдау жасалды.

Мақпал МЫСА,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты