"СOVID-19": МАШАҚАТ АЗАЙДЫ

Уақыты: 08.06.2022
Оқылды: 1139
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 Соңғы  жылдары шетелге шығуда айтарлықтай қиындық туындаған еді. Мемлекеттік шекарадан өтерде немесе  біздің елге  кірерде  СOVID-19-ға қарсы вакцина салынғаны жөнінде  паспорт сұралатын.

Оның өзінде де  індетке қарсы  вакцинаның барлығы бірдей  өзге  мемлекеттерге шығуға жарай бермейтін.  Індетке шалдықпағанын дәлелдеу үшін әркім халықаралық деңгейде мақұлданған вакцина салдыруы, тіпті болмаған жағдайда  кедендегі санитарлық  бақылаушыларға  ПТР-дің  теріс нәтижесі бар анықтама  ұсынуы тиіс болатын.  Енді шетелге сапарлағанда аталмыш анықтаманы көрсетудің қажеті жоқ.  Бұл шешім вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен, коронавирустық инфекцияның алдын алу және тарату жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. Яғни, енді шетелге барып-келу машақаты азайды. Бұл – сырттағы студенттердің елге қатынауы мен туристердің алаңсыз демалуы  үшін оң шешім болды. 
Алдағы уақытта елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты сырттан келетіндер де,  шет елдерге шығатындар  да  СOVID-19-ға байланысты құжат дайындап әуреленбейді. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"