ТАЛҒАРДА ВЕЛОСПОРТТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Уақыты: 10.06.2022
Оқылды: 1509
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 Тас жолдағы велосипед спортынан 13 пен 14 жас аралығындағы ұл-қыздардың қатысуымен «Талғар классик» атты облыстық жарыс өтті. 

Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Ержан Айдарханов жарысқа қатысуғшыларды құттықтап, сәт сапар тіледі. Жалауын желбіреткен жарысқа облыстан 11 команда, 95 спортшы қатысты.
Екі күндік жарыста велоспортшылар барын салды. Жүзден жүйрік шыққандары жеңімпаз атанды. Жекелей жарыс қорытындысы бойынша алғашқы күні Талдықорғаннан келген велоспорт шебері Никита Чжан алтын алқа тақса, талғарлық Данил Третьяков күміс, талдыбұлақтық Файзолла Азаматұлы қоланы қанжығалады. Қыздар арасынды Кеңдала ауылынан қатысқан Әнел Тәшбай алтын алса, талғарлық Карина Китайгора күміс, алматылық Марина Ковалева қола алқаны еншіледі. Тас жолда желдей жүйткіген жас велосипедшілер жарысының екінші күні де тартысты өтіп, мәре сызығын алғашқы боп қиған жеңімпаздар марапатталды. Жарыс нәтижесі бойынша осы спортшылар өзгелерге дес бермей тағы да жеңімпаз атанса, қыздар арасында талғарлық Анфиса Горшкова жылдамдығын арттырып, үшінші орын тұғырына көтерілді.

 

Ұлбосын ИСАБЕК,
Талғар ауданы.