ҰНҒА БАЙЛАНЫСТЫ: 2023 ЖЫЛҒЫ ПІТІР САДАҚА МӨЛШЕРІ АЙТЫЛДЫ

Уақыты: 15.03.2023
Оқылды: 1432
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылғы пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасымен есептелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп төмендегідей бекітілді:

Бидай 2 келі – 340 теңге.

Ұн 2 келі – 535 теңге.

Арпа 4 келі – 520 теңге.

Мейіз 2 келі – 4270 теңге.

Қазір бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаның құнын ұнмен есептеуді негізге алады. Өйткені шариғатта бидаймен қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат етіледі.

"Осыған орай 2023 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасымен есептеліп, 535 теңге етіп белгіленді. Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (4270 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8090 теңге) бергені жақсырақ. Ал підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 3000 (ұш мың) теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді", - делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасында.

Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты - айттың бірінші күні. Оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін беруге болады. Алайда пітірді айт намазына дейін беру – мұстахаб.

 Биыл Қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түнге түсіп тұр. 21 сәуір - Ораза айт.

Фото: kazislam.kz

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ