ОЙЫН АЛАҢДАРЫ АЛАҢДАТПАУЫ КЕРЕК

Уақыты: 16.03.2023
Оқылды: 1069
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ойын алаңдары дұрыс орнатылмай, бекітілген талаптарға сай келмесе, бала өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес  елімізде «Балалар ойын алаңдары жабдықтарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент қабылданған. 

Ол жерде жабдықтың қауіпсіздігіне және жобалау, өндіру, орнату, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейді. Талапқа сәйкес келсе және сәйкестікті бағалаудан өтсе ғана айналымға шығарылады. Жобалау кезінде жабдық пен жабынға да қойылатын қауіпсіздік талаптары көрсетілген. Олар балалардың өміріне қауіп төндірмейтіндей етіп жасалуы керек. 
Техникалық регламент сырғанақтарға, әткеншектерге, карусельдерге, аспалы жолдарға,  ойын үйшіктеріне және балалар ойнайтын алаңдардың амортизациялық жабындарға қолданылады.
Ойын алаңын жобалау кезінде компания қауіпсіздік пен техникалық регламент талаптарын сақтауы керек. Орнату, пайдалану, сақтау, тасымалдау және жою туралы мәліметтер мен сипаттамалары құжатта көрсетілуі тиіс. Жабдықты  және жабынды іске қосу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Құрылғыларды пайдалануды техникалық регламенттердің талаптарына және паспортта белгіленген қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Осы құжатқа сәйкес, ойын алаңының иесі қауіпсіздікке жауапты әрі олардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етуі керек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, ойын алаңдарын пайдалану сатысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып  жергілікті атқарушы орган тағайындалған.
«Балалар ойын алаңдары жабдықтарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің нормаларын түсіндіру үшін «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ-ге хабарласыңыз. 
Біздің мекенжай: Жетісу облысы, Талдықор-ған қаласы, Қабылиса жырау көшесі, 69 «А», тел.: 8 (7282) 24 20 51; tk.gosnadsor@mail.ru

Бибігүл ОМАРОВА,
Техникалық реттеу және метрология комитеті Жетісу облысы бойынша
департаментінің басшысы