БАҚ СЫНАҢЫЗ! QAZAQ GREEN ЖЭК ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАҚ ҮШІН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

Уақыты: 17.03.2023
Оқылды: 880
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Qazaq Green ЖЭК қауымдастығы Қазақстанда ЖЭК дамуын жариялау бойынша ең үздік материалдарға байқау жариялады.

Қазылар алқасы Қазақстанда ЖЭК-ті дамыту тақырыптары бойынша, оның ішінде: жаңартылатын энергия көздерін дамыту, ЖЭК саласындағы мемлекеттік саясат; «жасыл» энергетика жобаларын іске асыру; ЖЭК-ті халықтың және ШОБ-ты пайдалануы, секторды дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары және ЖЭК саласындағы табысты кейстер бойынша жарияланымдарды қарастырады.

Байқау келесі аталымдар бойынша өтеді:

  • «Баспа БАҚ-тағы ең үздік жарияланым»,
  • «Телеарна эфиріндегі ең үздік телевизиялық сюжет»,
  • «Интернет басылымындағы ең үздік жарияланым»,
  • «Qazaq Green Fest» ЖЭК бойынша халықаралық іскерлік фестиваліне дайындық тақырыбын ең үздік жариялағаны үшін.

Әр аталым бойынша 1, 2, 3 орындардың жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға 2023 жылғы 15 наурыздан ерте емес және 2023 жылғы 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланған және/немесе эфирге шыққан қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі материалдар жіберіледі. Байқау шарттарымен, өтініш формасымен және байқау ережесімен сайтта танысуға болады.

Байқау қорытындысын жариялау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2023 жылғы 25 мамырда Qazaq Green Fest II Халықаралық іскерлік фестивалінде, Rixos Borovoe, өтеді.

Qazaq Green ЖЭК қауымдастығы 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі елдің халықаралық міндеттемелерін қолдау шеңберінде Qazaq Green Fest 2023 «Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі: төмен көміртекті ауысу» II Халықаралық іскерлік фестивалін өткізеді.

Фестиваль мемлекеттік органдардың, есеп айырысу-қаржы орталығының, ЖЭК аукциондық сауда-саттығын ұйымдастырушының, отандық және шетелдік инвесторлардың, халықаралық сарапшылар мен саланың мойындалған әлемдік көшбасшыларының, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының, қауымдастықтар мен университеттердің өкілдерін 2023 жылғы 25-26 мамырда Бурабай ұлттық паркінде, Rixos Borovoe қонақ үйінде жинайды.

Qazaq Green Fest – 2023 панельдік сессиялары мен пікірталастарының тақырыптары:

— Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері;

— Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытудың стратегиялық пайымы;

— Көміртегі ізін корпоративтік деңгейде азайту;

— Шағын ауқымды ЖЭК дамыту;

— Көміртегі нарықтары: халықаралық тәжірибе және Қазақстанда даму

перспективалары;

— Қазақстанда ЖЭК-ті одан әрі дамыту жолдары: жоспарлар, проблемалар және перспективалар;

— ЖЭК үшін қолжетімді қаржыландыру құралдарын енгізу перспективалары;

— Энергияны жинақтау жүйелерін енгізу;

— ЖЭК-ке отандық инвестицияларды дамыту;

— ESG саясаты: гендерлік аспектілер және корпоративтік басқару

Іс-шара аясында өтеді:

— Қайырымдылық акциясы — Ақмола облысының балалар үйлерінен шыққан балаларға арналған байқау;

— ЖЭК бойынша журналистік материалдар байқауы;

— Сала көшбасшыларының және Қазақстанның ЖЭК негізгі ойыншыларының көрмесі;

— Open Air форматындағы гала-кеш.

Фестивальге қатысушыларды тіркеу және БАҚ-ты аккредиттеу ашық https://qazaqgreenfest.kz/ .

Қосымша ақпарат пен түсінік алу үшін хабарласыңыз:

+7 702 403 72 64 (қоңыраулар мен WhatsApp), сонымен қатар konkurs@qazaqgreenfest.kz электрон мекенжайы бойынша, Надежда Шаяхметова.

Материал: baribar.kz-тен алынды.