«ТЕМІР АДАМ» ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 410
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ескелді ауданының азаматы, Қазақстанның бес мәрте «Темір адам» атағына ие болған  Бақытжан Байтайұлы Қарбұлақтағы №119 сайлау учаскесінде таңдау жасады.

-    Еліміздің азаматы есеінде өз таңдауымды жасадым. Дәл қазіргі сәтте кез келген азаматтың дауысы маңызды. Осындай тарихи сәтке ат үсті қарамай, барлығын дауыс беруге шақырамын, - дейді «Темір адам». 

Бақытжан Байтайұлы 2020 жылы Алматы қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, Акватлоннан өткен Қырғызстан ашық чемпионатында 1 орын алды.  2021 жылы Қырғызстанда өткен триатлоннан Азия чемпионатының чемпионы.  2022 жылы сәуір айында Бішкек қаласында өткен Дуатлонннан 1 этапта ашылуында  1 орынға ие болды.

Серік ҚАНТАЙ,

Ескелді ауданы