САЙЛАУ КҮНІ ТЕКЕЛІДЕ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 588
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін сайлау күнінде Жетісу облысы Текелі қаласындағы орталық ауруханада сәби дүниеге келді. Қазір ана мен баланың денсаулығы жақсы, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жас босанған ана Аялуым Бақытқызы мен оның салмағы 2500 келі болып өмірге келген ұлы қазір дәрігерлердің бақылауында. 

- Ұлымның бүгінгі саяси науқанмен тұспа-тұс дүние есігін ашқанына қуаныштымыз. Бұл - менің бесінші перзентім. Алланың қалауымен мерзімімнен бұрын босандым. Әзірге салмақ жинап, денсаулығымызды күшейткенше дәрігерлердің бақылауында боламыз. Перзентханада жатқан әйелдерге дауыс беруге жағдай жасалған. Мен өзім дауыс беріп үлгердім», - дейді көп балалы ана Аяулым Бақытқызы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"