ЖАС ТА, ЖАСАМЫС ТА САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 647
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауына келгендер қатарында қарт ұстаз, аудандық ардагерлер, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағасы Аманкелді Айтбаев та бар. Сол сияқты жуырда ғана 18 жасқа толған Әмина Дәулетқызы сайлауға тұңғыш рет қатысып, сайлау учаскесінде жас сайлаушы ретінде оған сыйлық берілді.

Елдегі саяси ақпаратқа қанық зейнеткер Аманкелді Айтбаев: «Сайлауға қатысу әр тұрғынның елі үшін жауапкершілікті сезінетінін көрсетеді. Елімнің әр шаңырағына береке мен бірлік тілеймін. Мемлекетіміз мықты, болашағы жарқын болсын», - деді.

Ал сайлауға алғаш қатысып, сыйлық алған Әмина Дәулетқызы өз таңдауын жасау арқылы бүгін өзін келешекке қарай нық қадам бастым деп есептейді.

 Жалпы Ақсу ауданында  44 сайлау учаскесі бар,  олар таңғы сағат 7-ден өз жұмысын бастады.

Атап өтсек, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 10.10-дағы мәлімет бойынша, елімізде тізімге енгізілген азаматтардың 14,21% бюллетень алған, соның ішінде 15,93% - жетісулықтар.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.