ТАЛДЫҚОРҒАН АРУЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 680
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Мисс Талдықорған – 2022» байқауының жеңімпазы Мадина Тұрдаш саяси шарадан сырт қалмай, туған жерінде өз таңдауын жасады.

Мадина І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2 курс магистранты қазір «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің әртіс-жүргізушісі болып жұмыс істейді.

 – Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықтың елі. Мемлекет басшысының бағдарламалық саясатын жүзеге асырудың арқасында еліміз үлкен табыстар мен биік жетістіктерге қол жеткізді. Осындай игілікті істер келешекте жалғасын тауып, әрбір азамат мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуы тиіс. Онда да дәл бүгінгідей сайлауда өз таңдауын дұрыс жасауы керек, – деген облыс орталығының ару қызы көпшілікті саяси науқаннан сырт қалмауға шақырды.

Мәди Алжанбай,

Талдықорған қаласы