Димаш Құдайберген Түркия телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді

Уақыты: 02.05.2024
Оқылды: 565
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің 30 жасы қарсаңында Түркия телевидениесіне эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

30 жасқа толуыма орай Ыстамбұлда беретін концертімнің қарсаңында түркиялық телевидениеге эксклюзивті сұхбат бердім. Сұхбаттың толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыздар, – деп жазба қалдырды әнші.

Димаш сұхбатында карьерасын қалай бастағанын, «Жас Қанатқа» қатысу арқылы Отанында қалай танымал болғанын, шетелдегі танымалдылығы жайлы айтты.

Өнер иесінің тыңдарманы әншіге қолдау көрсетіп, Ыстамбұлдағы концертін асыға күтіп отырғанын жазып жатыр.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash