РЕСМИ: ОСК САЙЛАУ ҚОРТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Уақыты: 27.03.2023
Оқылды: 859
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау қорытындыларын анықтау туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Бұл туралы 7-su.kz басылымы аталған ведомствоның баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды.

"Партиялық тізімдер бойынша, дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлуге 6 саяси партия жіберілді. "Байтақ" жасылдар партиясы 5 пайыздық кедергіні еңсермеуіне байланысты мандаттарды бөлуге қатыспайды", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Ресми қортындыға сәйкес депутаттық мандаттар бөлініс нәтижесі төмендегідей:

Amanat партиясы  - 40;
"Ауыл" партиясы - 8;
"Ақ жол" партиясы - 6;
Қазақстан халық партиясы - 5;
Respulica партиясы - 6;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 4.

ОСК қорытындылары бойынша дауыс беру нәтижесінде өз округтері бойынша ең көп дауысты жинағандар:

№1 Округ (Астана) - Дәулет Тұрлыханов (Amanat кандидаты);
№2 Округ (Астана) - Дәулет Мұқаев (өзін-өзі ұсынған);
№3 Округ (Алматы) - Ермұрат Бапи (өзін-өзі ұсынған);
№4 Округ (Алматы) - Ерлан Стамбеков (өзін-өзі ұсынған);
№5 Округ (Алматы) - Бақытжан Базарбек (өзін-өзі ұсынған);
№6 Округ (Шымкент) - Данабек Исабеков (Amanat кандидаты);
№7 Округ (Шымкент) - Болатбек Нажметдинұлы (Amanat кандидаты);
№8 Округ (Абай облысы) - Нұртай Сабильянов (Amanat кандидаты);
№9 Округ (Ақмола облысы) - Айна Мусралимова (Amanat кандидаты);
№10 Округ (Ақтөбе облысы) - Қазыбек Әлішев (Amanat кандидаты);
№11 Округ (Алматы облысы) - Ардақ Назаров (өзін-өзі ұсынған);
№12 Округ (Алматы облысы) - Данияр Қасқарауов (өзін-өзі ұсынған);
№13 Округ (Атырау облысы) - Әділ Жұбанов (Amanat кандидаты);
№14 Округ (Батыс Қазақстан облысы) - Абзал Құспан (өзін - өзі ұсынған);
№15 Округ (Жамбыл облысы) - Мұқаш Ескендіров (Amanat кандидаты);
№16 Округ (Жамбыл облысы) - Гүлдара Нұрымова (Amanat кандидаты);
№17 Округ (Жетісу облысы) - Руслан Қожасбаев (Amanat кандидаты);
№18 Округ (Қарағанды облысы) - Құдайберген Бексұлтанов (Amanat кандидаты);
№19 Округ (Қарағанды облысы) - Арман Қалықов (Amanat кандидаты);
№20 Округ (Қостанай облысы) - Еркін Әбіл (өзін-өзі ұсынған);
№21 Округ (Қызылорда облысы) - Мархабат Жайымбетов (Amanat кандидаты);
№22 Округ (Маңғыстау облысы) - Еділ Жаңбыршин (Amanat кандидаты);
№23 Округ (Павлодар облысы) - Амантай Жарқынбек (өзін-өзі ұсынған);
№ 24 Округ (Солтүстік Қазақстан облысы) - Еркебұлан Мәмбетов (Amanat кандидаты);
№25 Округ (Түркістан облысы) - Қайрат Балабиев (Amanat кандидаты);
№26 Округ (Түркістан облысы) - Ұласбек Сәдібеков (Amanat кандидаты);
№27 Округ (Түркістан облысы) - Темір Қырықбаев (Amanat кандидаты);
№28 Округ (Ұлытау облысы) - Ерболат Сатыбалдин (Amanat кандидаты);
№ 29 Округ (Шығыс Қазақстан облысы) - Лұқбек Тумашинов (Amanat кандидаты).

Ресми дерек бойынша, сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізілсе, оның дауыс беруге 6 366 441 азаматы қатысқан.

 

Фото: ҚР ОСК онлайн транслациясынан скридалған