БӘРЕКЕЛДІ! РЫБАКИНА БОЛАШАҚ ТЕННИСШІЛЕРГЕ 35 МЛН. ТЕҢГЕ АУДАРДЫ

Уақыты: 27.03.2023
Оқылды: 782
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстанның бірінші ракеткасы жас қазақстандық теннисшілердің қарқынды дамуына қаржы бөлді.

Бұған дейін БАҚ-та жарияланғандай, Рыбакина кімге қолдау көрсету керектігін өзі таңдады.

Таңдау нәтижесі бойынша, 14 ойыншы 2,5 млн теңгеден алды. Олар  Линара Бөлешева, Полина Барабанова, Әмина Нұрмахан, Ариана Гогулина, Сәтима Төреген, Ева Корышева, Альбина Кәкенова, Аружан Арыстанбекова, Дана Байдәулет, Іңкәр Дүйсебай, Айя Нұпбай, Полина Слепцова, Сандуғаш Кенжебаева, Зара Дәркен. 

Еске сала кетейік,  Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен кейін төмендегідей уәде берген:

Турнир ұйымдастыру немесе жас ойыншылар үшін грант белгілеу дұрыс бола ма деп ойлаймын, өйткені өзім де кезінде Қазақстаннан үлкен қолдау алдым. Енді жас ұрпақтың дамуына менің көмек көрсететін кезегім келді, - деген сол кезде.

Дәлірек айтқанда, 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген еді. 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ