ҚАЙРАТ НҰРТАС ТАЛДЫҚОРҒАНДА НЕ "БҮЛДІРДІ"?

Уақыты: 28.03.2023
Оқылды: 1034
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

"Заң алдында барлық адам бірдей" деген мәндегі пікірлер әлеуметтік желіні шарлап кетті. Бұған себеп, әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған.

Бұл туралы ақпарат алдымен инстаграм әлеуметтік желісінде тарады.

Белгілі болғандай, желіде тараған роликте әншінің көліктің артында отырғанын байқауға болады. Оқиға облыстық әкімдіктің алдындағы жол қозғалысы шектелген орында болған. 

Бұған дейін, әншінің Талдықорғанда жүргені де жергілікті танымал адамдардың парақшаларында байқалған. 

Жетісу облысы Полиция департаменті Mercedes-Benz жүргізушісі Талдықорған қаласында жол ережесін бұзғанын да растаған. Яғни қозғалысқа тыйым салынған жерде көлікпен жүріп өткен. 

"Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы көлік жүргізушісі Алматы қаласы аумағында тоқтатылып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ресми ақпарда.

Фото: көрнекілікке алынды

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ