Мәселе. Қазақстандағы электр станцияларының 66% тозған

Уақыты: 24.04.2023
Оқылды: 851
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Еліміздегі электр желілерінің тозу деңгейі 66% жеткен, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Энергетика министрлігінің сайты ұсынған дерекке сүйеніп.

Бұл туралы «ҚР энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» былай деп жазылған:

«Бүгінгі таңда электр станцияларының өндіруші жабдықтарының 55,5%-ы 30 жылдан, 5,8%-ы 21-30 жылдан, 13,1%-ы 11-20 жылдан, 18,2%-ы 5-10 жылдан және 7,4%-ы 5 жылдан асқан. Электр желілерінің көп бөлігі 1970 жылдары салынған. Елімізде электр желілерінің тозу деңгейі орта есеппен 66% құрайды. Осының салдарынан тасымалдау кезінде электр энергиясының 6-7% жоғалады. Энергетика секторының отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануынан басқа, жоғарыда аталған проблемалар Қазақстанның энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін төмендетеді және бірінші кезекте елдің энергетикалық қауіпсіздігіне және экономиканың тұрақтылығына әсер етеді», - делінген ресми құжатта.

Сонымен қатар,  саладағы төмен тарифтер де тілге тиек етілген. Яғни, министрлік уәжіне сенсеңіз, тозығы жеткен желілерді жөндеу мен жаңғырту мәселесі тариф құнының төмендігінен мүмкін болмай отырғанға ұқсайды.

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ