ӨЗГЕРІС. Қазақстанда 2023 жылдың шілдесінен бастап төрт күндік жұмыс пайда болады

Уақыты: 23.04.2023
Оқылды: 890
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бұндай өзгерістер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңымен енгізіледі, деп хабарлайды  7-su.kz желілік басылымы Учет.kz дерегіне негізделіп.

Бұған жекелеген өндірістерде пайда болған талап-тілектер себеп болып отыр. Дәлірек айтқанда, әр түрлі апталарда бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын қатар белгілеу қажеттігі туындаған

"Жұмыс уақыты режимі" деген 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады: "Еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын кезектестіру құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат беріледі".

Рұқсат демекші, 84-бапта төрт күндік жұмыс режимі кезіндегі демалыс күндері де белгіленген.

"Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасы кезінде жексенбі ортақы демалыс күні болып табылады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді", - деп жазылған ресми құжатта. 

Фото: көрнекілікке алынды