"Балалардың басына құлап қала ма деп қорқып жүрміз": Тозығы жеткен мектеп іші көгеріп жатыр

Уақыты: 24.04.2023
Оқылды: 932
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылындағы оқушылар тозығы жеткен мектепте оқуға мәжбүр. Жарты ғасыр бұрын салынған білім ордасының ескіргені сонша есік-терезесінен жел гулейді. Жылу жүйесінің тозығы жетіп, төбеден сорғалаған судан мектеп іші көгеруде.

«Хабар 24» хабарлағандай сорғалаған суды сүртіп отыру үшін ол арнайы кезекшілік кестесін жасаған. Кезекшілер еденді құрғатып, оқушылардың тайып жығылмауын қадағалаумен әлек. Екі жылдан бері төбеден тамған су қабырғаның сылағын түсіріп, балалардың өміріне қауіп төндіріп тұр.

- Мына қабырға балалардың басына құлап қала ма деп қорқып жүрміз. Оқушылар кіріп шығып жүреді. Киімін іледі. Мектептің жылыту қазандығы апатты жағдайда екені көрер көзге көрініп-ақ тұр. Аңғал-саңғалы шыққан нысанның кірпіші үгітіліп жатыр. Қауіпті ғимаратта мамандар күндіз түні от жағады, - дейді мектеп директоры Әсел Жақсыбаева.

Ал жұмысшы Асхат Аманбаев болса: "Кешке дейін көмірді осылай лақтырып отырамыз. Екі тонна көмір жағамыз осылай. Екі отты жағамыз. Қыстай қиын жұмыс ауыр. Аязда көмір тасимыз. Қатып қалады. Пешке көмірді арбалап әкеліп, тоқтаусыз толтырғанымен мектепті жылыту мүмкін емес. Себебі жылу жүйесі әбден ескірген", - дейді.

Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Ермек Аманбаев: "Үш этаждағы поровой отоплениясы бәрі бітеліп тұр. Бас жағы ыстық болса аяқ жағы суық. Бармайды. Мына терезелер мектеп салынғанан бері салынған терезе. Қыста терезелерден жел соғып жылудың бәрі жоқ болады. 640 орындық мектепте қазір 220 оқушы оқиды. Олар қыстай қалың киіммен отыруға мәжбүр. Балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналар білім ордасын жөндеп беруді сұрап отыр", - деп пікір білдірді.

Аталмыш мәселе жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әлишер Башаров: "Білім басқармасы тарапынан биылға жобалық сметалық құжаттары дайындалу үшін жалпы соммасы 53 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Жақында сессиияда бұл мәселе қаралатын болады. Сала жауаптылары қаржы бөлінсе келесі жылы Рудничный ауылында жаңа мектеп құрылысы басталады деп отыр. Жалпы Жетісу облысында 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп»  бағдарламасымен он білім беру мекемесін салу жоспарланған, - деді.