Оқушы 4 жасар баланы мерт қылды

Уақыты: 25.04.2023
Оқылды: 675
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

 4 жасар бала «Хонда Одиссей» автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды. Белгілі болғандай, шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы басқарған.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі берген ақпаратта Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны айтылды. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан) жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады. Бұл талаптарды орындамау өлім мен жарақат түріндегі қайғылы жағдайға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыр жазаға әкелуі мүмкін.