ПОЛИЦЕЙ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Уақыты: 02.05.2023
Оқылды: 782
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Кеше «102» арнасына жас келіншек Талдықорғандағы көпірден Қаратал өзеніне секірмек болды деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жақын маңда жүрген патрульдік экипаж азаматтары Дамир Жанатов пен Ержан Жасұланұлы , сондай-ақ жергілікті учаскелік инспектор Мұрат Сарыбаев оқиға орнына дереу келді.

Сондай-ақ сол жерде өтіп бара жатқан ер адам да тәртіп сақшыларына көпірдің астындағы құбырларға ілініп қалған қызды шығаруға көмектескен.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, құтқарылған қыз Талдықорған қаласының 25 жастағы тұрғыны, оған медициналық көмек қажет болмады.

Полиция қызметкерлері бойжеткен қызбен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кейін туыстарына тапсырды. Бұндай іс-әрекетке барудың себебі анықталуда.