Дуадаққа қатысты бағдарлама әзірленді

Уақыты: 13.05.2023
Оқылды: 987
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстандағы жек-дуадақ популяциясын қалпына келтіру бойынша бағдарлама әзірленді.

Осының аясында жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның тәлімбақтарында өсірілген жек-дуадақ балапандары табиғи ортаға жіберіледі. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары Қызыл кітапқа енген құстардың табиғи ортаға жіберілгенін мәлім етті.

Биыл бұл жұмыс 26 сәуірде басталып, қазіргі таңда жалпы саны 720 дарақ жек-дуадақ құсы Жетісу облысындағы табиғатқа жіберілді. Оның 450-і Біріккен Араб Әмірліктерінің тәлімбағынан болса, 270-і еліміздің Түркістан облысында өсірілген.

Жалпы, бұл дала кербезі Түркістан, Қызылорда облыстарында таралған, сирек кездесетін құс. Жалпы оны аулауға тыйым салынған.

Қазақстанның жазиралы жазық дала­ларының төл құсы – дуадақ екенін тарихи жазба деректерден айқын аңғаруға болады. Дуадақты қазақ халқы дене тұрқы ірі болғандықтан «тоқтыбалақ» немесе «қозыбалақ», еліміздің кейбір өңірлерінде «шөл тауығы» те деп атайды.

Айгүл Байжұмақызы