UFC. АЗАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІ (+ВИДЕО)

Уақыты: 16.07.2023
Оқылды: 697
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Азат Мақсұм  Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Vegas 77 турнирінде америкалық Тайсон Немді төрешілер шешімімен жеңді (29:28, 28:29, 29:28). Бұл үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы Азаттың UFC –дегі алғашқы жекпе-жегі.  Осылайша Азат кәсіби жекпе-жекте 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп отыр.


Тайсон Нэм болса осымен 14-ші рет жеңіліске ұшырады. Ол UFC-де 8-ші жекпе-жегін өткізді. Оның 3-інде жеңіске жетсе, қалған 5-уінде жеңіліс тапты.

Азат Мақсұмның жекпе-жегінен кейін UFC –дің Instagram желісіндегі ресми парақшасы «Жеңіл салмақта қауқарлы, қауіпті шебер келді» деп жазды.

Тағы бір қазақстандық Асу Алмабаев бір айдан кейін UFC турнирінде дебют жасайды деп жоспарланған.