"БИЛЕ, ЖЕТІСУ" АТТЫ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Уақыты: 30.04.2024
Оқылды: 319
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында «Биле, Жетісу» атты би фестиваліөтті. «Халықаралық би» күнінің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты шараға аймақтағы бірқатар би ұжымдары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.


Жиналған қауым алдында сөз алған қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков аймақтағы би ұжымдарын мерейлі мерекемен құттықтап, арнайы Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 –«Би — ежелден халқымызбенбірге жасасып, біте қайнасыпкеле жатқан киелі өнер. Өнердің бұл түрі аса шеберлікті, шыдамдылықты сондай-ақ, сезімталдықты талап етеді. Бүгінде көптеген жастар  әр ұлттың биін үйреніп, әсіресе қазақ халқының би өнерін кеңінен насихаттауда. Сонымен қатар мәдениетіміздің дамуына өз үлестерін қосып қалалық, облыстық, Республикалық тіпті, Халықаралық деңгейдегі  іс-шаралар мен байқауларға белсене қатысып, жүлде алуда. Міне, бұл қаламыздағы би ұжымдары мен олардың жетекшілерінің ерен еңбегінің нәтижесі», - деді Жеңіс Саятбекұлы.

Мәдениет саласы мамандарының сөзінше, бүгінде Жетісу облысының  орталығында  2 мыңға жуық би ұжымы бар.Онда қазір  1000-нан астам жасөспірім тәлім алуда.

                                                                   Айдын КӘЛІМХАН