ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНЕ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

Уақыты: 19.07.2023
Оқылды: 641
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Энергетика министрлігіне бірнеше жаңа құзырет берілуі мүмкін, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысы жобасына сай, енді ведомствоға мына функцияллар берілмек:

- тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

 

- сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

 

- өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

 

- сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемдерде ие болады тізбесін бекітеді;

 

Қаулы 1 тамызға дейін көпшілік талқысында болады.