Көркем гимнастика: Лицензиялық турнирге кімдер қатысады

Уақыты: 02.05.2024
Оқылды: 248

Бүгін, яғни 2 мамыр күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты жалауын желбіретеді. Аталған додада қазақстандық спортшыларда бақ сынайды.

ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Сары құрлық бәсекесінде ел намысын 8 спортшы қорғайды.

Жекелей сын:

Эльжана Таниева
Айбота Ертайқызы
Топтық жаттығу:
Аяулым Кәдір
Аружан Қалсаева
Ақсұңқар Әбдірахман
Баян Қойбақар
Мария Корниенко
София Ан.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бәраз күн бұрын Ұлттық құраманың бас бапкері KAZINFORM тілшісіне сұхбат беріп, лицензиялық турнирге спорт шылардың дайындығы жайында айтып берген болатын.

«Алда лицензиялық Азия чемпионаты келе жатыр. Онда бір жолдамаға Қазақстан, Қытай және Жапония спортшылары таласады. Сондықтан біздің спортшыларымызға артылған міндет ауыр. Қазіргі таңда лицензиялық турнирге баратын спортшыларымыз өз жоспарлары бойынша дайындалып жатыр. Олимпиада жолдамасына екі спортшымыз таласады. Оның бірі Эльжана Таниева және Айбота Ертайқызы. Біз лицензия алуға бар күшімізді саламыз», - деген еді бас бапкер Әлия Мақсұтқызы.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы